Қазақ балуаны грек-рим күресінен әлем чемпионатында топ жарды

0
137

Қазақстандық балуан 3-орын үшін грекиялық Арионас Колицопулостан 2:0 есебімен басым түсті.


Қазақ балуаны грек-рим күресінен әлем чемпионатында топ жарды

Фото: olympic.kz

ERNUR.KZ. Қазақстандық Юсуф Ашрапов (72 келі) грек-рим күресінен Болгарияның Самоков қаласында өтіп жатқан 20 жасқа дейінгілер арасында әлем чемпионатында қола жүлдегер атанды, деп жазады Skifnews.kz.

Қазақстандық балуан 3-орын үшін грекиялық Арионас Колицопулостан 2:0 есебімен басым түсті.

Отандасымыз 1/8 финалда армениялық Гаспар Тертерянға 1:3 есебімен жол беріп қойған еді. Ол кейіннен әлем чемпионы атағын жеңіп алды. Бұл қазақстандық балуанға жұюаныш белдесуіне қатысуға мүмкіндік берді.

Жұбаныш белдесуінде ол алдымен болгариялық Сергей Стоевті 8:3, әзербайжандық Сеймур Гасимовті 5:3 есебімен қапы қалдырып кетті.

Осылайша Юсуф Ашрапов ел құрамасы қоржынына үшінші медальды салды. Қазірге дейін Диас Сейітқалиев (82 келі) алтын алса, Арсен Жұма (55 келі) қола жүлдегер атанды.