Қазақстандық мерген 537 ұпай жинады.
Фото: olympic.kz
ERNUR.KZ. Қазақстандық мерген Ирина Юнусметова Дохада (Қатар) өтіп жатқан нысана көздеуден әлем чемпионатында қола жүлдеге ие болды, деп жазады inbusiness.kz.
Отандасымыз 50 метр қашықтықтан тапаншамен нысана көздеу сайысында 537 ұпай жинап, үздік үштіктің қатарына енді.
Алтын медаль 546 ұпай жинаған Түркия өкілі Севваль Илайда Тарханға бұйырса, күміс жүлдені 542 ұпаймен Армения спортшысы Эльмира Карапетян иеленді.
Айта кетейік, бұл – Қазақстан құрамасының осы әлем чемпионатындағы алғашқы жүлдесі.


