​Футболдан Қазақстан құрамасы Армениямен жолдастық кездесу өткізеді

0
106

Кездесу маусым айының 6-на жоспарланған.


​Футболдан Қазақстан құрамасы Армениямен жолдастық кездесу өткізеді

Фото: Қазақстан футбол федерациясы

ERNUR.KZ. Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы маусым айында жолдастық кездесу өткізеді, деп жазады inform.kz.

Бұл жөнінде Қазақстан футбол федерациясы мәлім етті.

Кездесу маусым айының 6-на жоспарланған.
Ойын Армения астанасы Ереван қаласындағы Вазген Саркисян атындағы республикалық стадионда өтеді.
Екі құрама соңғы мәрте 2024 жылдың 7 маусымында жолдастық кездесу өткізген еді. Онда армениялық футболшылар 2:1 есебімен жеңіске жеткен еді.
Сондай-ақ олар 9 маусымда Венгриямен жолдастық кездесу өткізеді деп жоспарланып отыр.
Айта кетсек, отандастарымыз 25-31 наурыз аралығында Халықаралық футбол федерациясының (FIFA) ұлттық құрамаларға арналған жаңа форматтағы FIFA Series турниріне қатысады.
Астанада өтетін ойындарында олардан өзге Намибия мен Комор аралдары сынға түседі.
Алдымен қазақстандық футболшылар 25 наурызда Намибиямен шеберлік байқасса, 31 наурызда Комор аралдарымен жасыл алаңға шығады.
Ал 28 наурызда Намибия мен Комор аралдары ойнайды.
Жоба — әлемнің әртүрлі құрлықтарындағы құрамаларды бір алаңға жинап, өзара тәжірибе алмасуға мүмкіндік беретін халықаралық жарыс. Турнирдің басты ерекшелігі — командалардың басқа конфедерация өкілдерімен ойнауына жағдай жасау.