FIFA рейтингінде Қазақстан ұлттық құрамасы 1 сатыға көтерілді

0
138

Бірінші орынға әдеттегідей Испания құрамасы жайғасқан.


FIFA рейтингінде Қазақстан ұлттық құрамасы 1 сатыға көтерілді

Фото: kff.kz

ERNUR.KZ. Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының жоғары көтерілуіне қараша айында Бельгиямен тең тарқасқаны себеп болды, деп жазады inbusiness.kz.

Халықаралық футбол қауымдастықтары федерациясы (FIFA) футболдан ерлер арасындағы ұлттық құрамалардың жаңартылған рейтингінде еліміз 114-орынға көтерілді. Бұған дейінгі орны 115 еді.

Талғат Байсуфиновтың шәкірттері 2 матч өткізді. 15 қарашада Қазақстан өз алаңында Бельгия құрамасымен 1:1 есебімен тең түсіп, бір ұпай еншілеген еді. Ал 18 қарашада Фарер аралдарымен жолдастық кездесу өткізіп, 0:1 есебімен жеңіліс тапты. Бірақ, бұл ойынға қосалқы құрам ойыншылары қатысты деуге болады. Ал азулы қарсылас Бельгиямен тең есеп тіркеуі рейтингтегі орнын сәл де болса, жақсартып отыр.

Соңғы ФИФА рейтингі бойынша ТОП-10 ұлттық құрама:
1 (1). Испания – 1877.18;
2 (2). Аргентина – 1873.33;
3 (3). Франция – 1870;
4 (4). Англия – 1834.12;
5 (6). Бразилия – 1760.46;
6 (5). Португалия – 1760.38;
7 (7). Нидерланд – 1756.27;
8 (8). Бельгия – 1730.71;
9 (10). Германия – 1724.15;
10 (11). Хорватия – 1716.88.