Елдос Сметовке Италияда ота жасалды

0
124

Спортшыны иық жарақаты көптен бері мазалаған екен.


Елдос Сметовке Италияда ота жасалды

ERNUR.KZ. Қазақ дзюдосының символына айналған Елдос Сметов денсаулығына байланысты ота жасатты. Көптен бері оған бозкілемге шығуға кедергі келтіріп жүрген ескі жарақат спорттық жаттығуларға толыққанды кірісуіне мүмкіндік бермеген еді. Ақыры ұзаққа созылған ауырсынулар ота жасатуға мәжбүрледі, деп жазады inbusiness.kz.

"Мені уайымдап, алаңдаушылық білдіріп жатқандырыңызға рахмет! Италияның Рим қаласында иығыма ота жасатқаным рас. Аллаға шүкір, бәрі жақсы өтті. Өздеріңіз бұрыннан білесіздер Олимпиадаға дейін де иығымның жарақаты, ұсақ жарақаттарым жиі мазалайтын. Қазір денсаулығыма толық көңіл бөлгенді және толық ем қабылдағанды жөн көрдім.
Алла жазса, 2–3 айдан кейін жаттығу, ал жарыстарға — келесі жылдың басында қосылуға ниеттімін.
Карьерсын аяқтады деп сүйіншілегендерге де сәлем жолдаймын. Мен әлі сары нашивкамен татамиге шығып күресетін боламын", - деді Сметов Instagram парақшасындағы жазбада.

Елдос Сметов — Қазақстан тарихында дзюдодан тұңғыш Олимпиада чемпионы атанған спортшы. Оның басты ерекшелігі — Олимпиада ойындарының барлық жүлдесіне қол жеткізген аз ғана дзюдошылардың бірі болуы. Ол 2024 жылы Парижде алтын, 2016 жылы Рио-де-Жанейрода күміс, 2020 жылы Токиода қола медаль жеңіп алды.

Осылайша, Сметов Олимпиада аренасында қазақ дзюдосының жаңа белесіне жол ашты. Олимпиададан бөлек, Сметовтің спорттық жолы сан мәрте жеңістермен көмкерілген. Ол 2014 жылы Азия ойындарының чемпионы атанса, 2015 жылы әлем чемпионы, ал 2016 жылы Азия чемпионы атағын иеленді. Бұл жетістіктер оның мықты техникасы мен жанкешті еңбегінің жемісі.