​Чемпиондар лигасы: «Реал Мадрид» «Манчестер Ситиді» ірі есеппен жеңді

0
81

«Реал Мадрид» қарсыласынан 3:0 есебімен басым түсті.


​Чемпиондар лигасы: «Реал Мадрид» «Манчестер Ситиді» ірі есеппен жеңді

Фото: UEFA.com

ERNUR.KZ. UEFA Чемпиондар лигасы 1/8 финалының алғашқы туры мәресіне жетті, деп жазады inform.kz.

Бұл күнгі ойындар арасынан жанкүйерлер «Реал Мадрид» (Испания) пен «Манчестер Сити» (Англия) кездесуіне ерекше назар аударды. Олардың көкейінде әлемдегі ең танымал екі клуб ойынында кім жеңіске жетеді деген сауал тұрған еді.

Ойын барысында испаниялық клуб сапынан Федерико Вальверде 20, 27, 42-минутта үш мәрте мергендігімен көзге түсіп, хет-триктің авторы атанды.
Осылайша «Реал Мадрид» қарсыласынан 3:0 есебімен басым түсті.
Ойын нәтижесі
11 наурыз
«Пари Сен-Жермен» (Франция) - «Челси» (Англия) 5:2
«Реал Мадрид» (Испания) - «Манчестер Сити» (Англия) 3:0
«Будё-Глимт» (Норвегия) - «Спортинг Лиссабон» (Португалия) 3:0
«Байер Леверкузен» (Германия) - «Арсенал» (Англия) 1:1.
10 наурыз
«Аталанта» (Италия) - «Бавария» (Германия) 1:6
«Атлетико Мадрид» (Испания) - «Тоттенхэм Хотспур» (Англия) 5:2
«Галатасарай» (Түркия) - «Ливерпуль» (Англия) 1:0
«Ньюкасл» (Англия) - «Барселона» (Испания) 1:1.
Енді 1/8 финал ойындары 10-11, 17-18 наурыз күндері өткізілсе, ¼ финал 7-8, 14-15 сәуір күндеріне белгіленген.
Жартылай финал 28-29 сәуір және 5-6 мамырда болса, финал 30 мамырда Венгрия астанасы Будапешт қаласындағы «Пушкаш-Арена» стадионында өткізіледі.
Плей-офф кезеңінде қарсыластарын қапы қалдырған «Ньюкасл Юнайтед», «Байер Леверкузен», «Атлетико Мадрид», «Будё-Глимт», «Галатасарай», «Пари Сен-Жермен», «Реал Мадрид», «Аталанта» командалары жарыстың келесі сатысына шықты.
Ал негізгі кезеңде үздік сегіздікке іліккен «Арсенал», «Бавария», «Ливерпуль», «Тоттенхэм Хотспур», «Барселона», «Челси», «Спортинг», «Манчестер Сити» клубтары бірден ширек финалға жолдама алды.
Еске салсақ, бұдан бұрын «Ливерпуль» сырт алаңда «Галатасарайға» есе жіберді.