Қазақстан теннис федерациясы
ERNUR.KZ. Қазақстандық теннисші Александр Бублик Гонконгтегі ATP 250 санатындағы турнирде жеңіске жетті, деп жазады Ulysmedia.kz.
Қазақстан құрамасының көшбасшысы финалда көрермендерге тартысты матч сыйлап, әлемнің жетінші ракеткасы, италиялық теннисші Лоренцо Музеттиді 7:6 (7:2), 6:3 есебімен жеңді.
28 жастағы Бублик карьерасындағы 16-финалда өнер көрсетіп, ATP аясындағы 9-титулын жеңіп алды.
Сондай-ақ ол қатарынан бесінші финалда жеңіске жетіп отыр.
Осы нәтижесінің арқасында Александр Бублик карьерасында алғаш рет ATP рейтингінің ондығына еніп, 10-орынға көтеріледі.


