Азия чемпионаты: қазақстандық спортшылар екі алтын жеңіп алды

0
221

Азия чемпионаты Жапонияның Киото қаласында өтіп жатыр.


Азия чемпионаты: қазақстандық спортшылар екі алтын жеңіп алды

фото: Ұлттық Олимпиада комитетінің баспасөз қызметі

ERNUR.KZ. Қазақстандық ескекшілер Жапониядағы Азия чемпионатында екі алтын медаль жеңіп алды, деп жазады sputnik.kz.
Алтын медаль иегерлері - Кирилл Тубаев пен Полат Төребеков.
"Тубаев байдаркамен есуде 3400 метр қашықтықта топ жарып, Азия чемпионы атанса, Төребеков 3400 метр қашықтықтағы каноэ жарысында мәреге бірінші болып келді", - деп жазылған хабарламада.
Айта кетері, Азия чемпионаты Жапонияның Киото қаласында өтіп жатыр.