Әмір Омарханов Тунистегі ITF турнирінің финалына шықты

0
247


Әмір Омарханов Тунистегі ITF турнирінің финалына шықты

Қазақстан теннис федерациясы

ATP рейтингісінде 641-орынға тұрақтаған 18 жастағы қазақстандық теннисші Әмір Омарханов Тунистің Монастир қаласында өтіп жатқан ITF M15 сериялы жарыстың финалына жолдама алды, деп жазады Ulysmedia.kz.

Жартылай финалда Әмір германиялық Лукас Видеманнмен (ATP №839) кездесіп, тартысты өткен матчта жеңісті жұлып алды.

Кездесу 6:4, 5:7, 7:6 (8:6) есебімен отандасымыздың пайдасына аяқталды. Ойын тағдыры шешуші үшінші сеттің тай-брейгінде шешілді.

Финалда Омарханов түркиялық Мерт Алкаямен (ATP №383) күш сынасады. Айта кетейік, Әмірдің қоржынында ересектер арасындағы үш титул бар: ол бұған дейін Тунистегі турнирлердің жекелей және жұптық сынында үздік шықса, Испанияның Манакор қаласында жұптық сында топ жарған болатын.