​ЖАСТАРҒА ҮЛГІ, ҰРПАҚҚА АМАНАТ: Шымкентте «АРДАГЕР ӨСИЕТІ» эстафетасы жалғасын тапты

0
112

Мәңгілік алауға гүл шоқтарын қою рәсімі өтіп, ардагерлерге лайықты құрмет көрсетілді.


​ЖАСТАРҒА ҮЛГІ, ҰРПАҚҚА АМАНАТ: Шымкентте «АРДАГЕР ӨСИЕТІ» эстафетасы жалғасын тапты

Шымкент қаласының Жастар ресурстық орталығы Түркістан облысынан жеткізілген «Ардагер өсиеті» республикалық марафонын ресми түрде қабылдады.

Аталған іс-шараның негізгі мақсаты – ардагерлердің өмірлік өсиеттері мен өнегелі жолын жас ұрпаққа насихаттау, сондай-ақ елге қызмет ету мен отансүйгіштік құндылықтарын дәріптеу болып табылады.
Рәсім барысында Жастар ресурстық орталығының басшысы міндетін уақытша атқарушы Аружан Русланқызы марафонның идеологиялық және тәрбиелік мәнін атап өтіп, жас буынды елдік мүдде жолында адал қызмет етуге үндеді.
Сондай-ақ, ядролық сынақ полигон ардагері Абдумалик Абдурашидұлы Маханбетов жастарға ізгі тілегін білдіріп, тарихи жадының сақталуы мен бейбіт өмірдің қадірін түсіну туралы тағылымды ойларымен бөлісті.
Іс-шара барысында Түркістан облысы Жастар ресурстық орталығы басшысының орынбасары Пердебек Сержанұлы Есқұлов жастарды патриоттық рухта тәрбиелеудегі мұндай бастамалардың маңыздылығына тоқталды.
Шара аясында Мәңгілік алауға гүл шоқтарын қою рәсімі өтіп, ардагерлерге лайықты құрмет көрсетілді.
Айта кетейік, Шымкент жастары қабылдаған «Ардагер өсиеті» марафоны алдағы уақытта Жамбыл облысына жол тартады.
Бөлісу