Полиция тұрғындарды тазалық талаптарын сақтауға, қоқысты белгіленбеген орындарға тастамауға және «Таза Қазақстан» акциясына белсенді қатысуға шақырады.
Шымкент қаласында тазалықты сақтау, абаттандыру талаптарының орындалуын қамтамасыз ету және қоршаған ортаны қорғау бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде.
Бір ай ішінде қала аумағында қаланың көркі мен тазалығына кері әсер ететін 4 528 құқық бұзушылық анықталды.
Оның ішінде 3 668-і абаттандыру қағидаларын бұзуға, ал 202 құқық бұзушылық ортақ пайдаланылатын орындарды ластауға және қоқысты белгіленбеген орындарға тастауға қатысты.
Полиция тұрғындарды тазалық талаптарын сақтауға, қоқысты белгіленбеген орындарға тастамауға және «Таза Қазақстан» акциясына белсенді қатысуға шақырады.


