​«STREET FOOD FEST»: Шымкентте ең үлкен гамбургер әзірленіп, рекорд орнатылды

0
84

Фестиваль аясында келушілер үшін әртүрлі тағам түрлері ұсынылып, қаладағы үздік көше тағамдары сатушылары өз өнімдерін ұсынды.


​«STREET FOOD FEST»: Шымкентте ең үлкен гамбургер әзірленіп, рекорд орнатылды

Шымкент қаласында алғаш рет ұйымдастырылған «Street Food Fest» атты көше тағамдары фестивалі өтті.

Ауқымды іс-шара қаланың гастрономиялық әлеуетін таныту, көше тағамдары мәдениетін дамыту және туристер үшін тартымды орта қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылды.

Фестиваль аясында келушілер үшін әртүрлі тағам түрлері ұсынылып, қаладағы үздік көше тағамдары сатушылары өз өнімдерін ұсынды. Сонымен қатар, қатысушылар аспаздық шеберлік сағаттарына қатысып, концерттік бағдарлама, көше билері мен акробатикалық қойылымдарды тамашалау мүмкіндігіне ие болды. Шара барысында қолөнершілер аймағы да жұмыс істеді.
Фестивальдің басты ерекшелігі — салмағы 67 келі тартатын алып бургердің дайындалуы болды. Бұл ерекше тағам «КИНЭС» рекордтар кітабына енгізіліп, «Қазақстандағы ең үлкен гамбургер» атағына ресми түрде ие болды. Алып бургер кейіннен «City» қонақүйіне табысталып, қала қонақтары мен туристерге үлестірілді.
Сонымен қатар, іс-шара аясында Шымкент қаласындағы тамақтану орындары арасында байқау ұйымдастырылып, үздік мекемелер арнайы құрылған қазылар алқасының бағалауымен анықталды. Жеңімпаздар марапатталып, арнайы сертификаттармен және естелік сыйлықтармен наградталды.
«Street Food Fest» фестивалі — Шымкенттің креативті, заманауи және қонақжай қалалық келбетін паш еткен ерекше мәдени-гастрономиялық оқиға болды. Іс-шара қала тұрғындары мен қонақтарына жазғы демалыс күнін әсерлі өткізуге мүмкіндік берді.
Бөлісу