Елді мекендерде және пиротехникалық бұйымдарды пайдалануға арналмаған орындарда оларды қолдану әкімшілік жауапкершілікке әкеп соғады.
көрнекілік сурет: ЖИ
Шымкентте полиция қызметкерлері елді мекендерде және бұл үшін бөлінбеген орындарда пиротехникалық бұйымдарды қолдануға байланысты құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған рейдтік іс-шаралар өткізді.
Рейд барысында түнгі уақытта пиротехникалық бұйымдарды пайдаланып, тұрғындардың тыныштығын бұзудың төрт дерегі анықталды. Құқық бұзушылар тыныштықты бұзғаны және пиротехниканы бұл үшін белгіленбеген орындарда пайдаланғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Сонымен қатар тұрғындар арасында заң талаптары мен осындай құқық бұзушылықтар үшін көзделген жауапкершілік туралы түсіндіріліп, профилактикалық жұмыстар жүргізілді.
Тәртіп сақшылары ескертеді: елді мекендерде және пиротехникалық бұйымдарды пайдалануға арналмаған орындарда оларды қолдану әкімшілік жауапкершілікке әкеп соғады. Түнгі уақытта тыныштықты сақтау және айналадағы адамдарға құрметпен қарау – әр тұрғынның міндеті.


