​ШЫМКЕНТТІК СПОРТШЫЛАР КАНОЭДЕ ЕСУДЕН ҚОЛА ЖҮЛДЕГЕР АТАНДЫ

0
80

Бұған дейін олар Қытайдың Ханчжоу қаласында өткен XIX Азия ойындарында да ел қоржынына медаль салған еді.


​ШЫМКЕНТТІК СПОРТШЫЛАР КАНОЭДЕ ЕСУДЕН ҚОЛА ЖҮЛДЕГЕР АТАНДЫ

Қазақстандық ескек есушілер, ағайынды Сергей және Тимофей Емельяновтар XX жазғы Азия ойындарында каноэде есуден қола жүлдеге ие болды.

Байдарка мен каноэде есу жарысының ерлер арасындағы 500 метр қашықтықтағы жұптық каноэ бәсекесінің А финалында шымкенттік спортшылар 1:44.972 нәтиже көрсетіп, мәреге үшінші болып жетті.
Ағайынды Емельяновтар үшін бұл Азия ойындарындағы кезекті жүлде. Бұған дейін олар Қытайдың Ханчжоу қаласында өткен XIX Азия ойындарында да ел қоржынына медаль салған еді. Сергей және Тимофей Емельяновтар 500 метр қашықтықтағы жұптық каноэ жарысында күміс жүлдегер атанды.
Сонымен қатар, Ханчжоудағы додада Сергей Емельянов жұптық сында алтын медаль иеленсе, Тимофей Емельянов жекелей сында қола жүлдеге қол жеткізген.
Осылайша, ағайынды спортшылар Азия ойындарындағы нәтижелерін тағы бір жүлдемен толықтырып, Қазақстан құрамасының қоржынына кезекті медаль салды.
Бөлісу