TikTok-та тікелей эфирде бейәдеп сөз айтқан әйел жауапқа тартылды

0
261

44 жастағы әйел бұған дейін де екі рет жауапқа тартылған.


TikTok-та тікелей эфирде бейәдеп сөз айтқан әйел жауапқа тартылды

Фото: Бейнежазбадан

ERNUR.KZ. Жетісу облысында TikTok желісіндегі тікелей эфир кезінде бейәдеп сөздер қолданған Талдықорған тұрғыны әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп жазады inbusiness.kz.

Полицияның мәліметінше, әлеуметтік желілерге жүргізілген мониторинг барысында құқық бұзушылықты 44 жастағы қала тұрғыны жасағаны анықталған.

Тексеру кезінде әйелдің бұған дейін де осыған ұқсас құқық бұзушылықтар үшін екі рет әкімшілік жауапкершілікке тартылғаны белгілі болды. Соған қарамастан ол қоғамдық тәртіпті қайта бұзған.

Полиция жинаған материалдар сотқа жолданды. Сот әйелді кінәлі деп танып, әкімшілік айыппұл тағайындады. Жаза белгілеу кезінде оның кәмелетке толмаған балалары бар екені ескерілген.

Полиция әлеуметтік желілерде де әдеп нормалары мен заң талаптарын сақтау қажет екенін ескертті. Интернеттегі құқық бұзушылықтарды анықтау және олардың жолын кесу жұмыстары жалғасады.