Маңғыстаудағы әскерилердің қазасы: оқиға орнынан алғашқы видео жарияланды

0
116

​Суға кеткен 19 адамның 9-ының мәйіті табылды.


Маңғыстаудағы әскерилердің қазасы: оқиға орнынан алғашқы видео жарияланды

Фотоколлаж: Azattyq Rýhy/Әбілқасым Есентаев

ERNUR.KZ. Маңғыстауда оқу-жаттығу барысында қаза тапқан әскерилердің қазасы қоғамды дүр сілкіндірді. Оқиға орнынан түсірілген видео жарияланды, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, бүгін оқу-жауынгерлік міндеттерді орындау барысында ауа райының күрт нашарлауы және желдің күшейуіне байланысты 19 әскери қызметшіні теңізге алып кеткен. Қазіргі уақытта 9 адамның мәйіті табылды.

Үш әскери қызметші құтқарылды, олардың біреуі ауруханаға түсті. Қалғандары әлі хабар-ошарсыз.

Бас прокуратура қайғылы оқиғаға байланысты жедел-тергеу тобы құрып, қылмыстық іс қозғады.