52 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен боксшы Жайна Шекербекова 1/2 финалда таиландтық Джутамас Джитпонгпен кездесті.
Бокстан Ыстамбұлда (Түркия) әйелдер арасында өтіп жатқан әлем чемпионатындағы жартылай финалдық жекпе-жекте шымкенттік боксшы қола жүлдеге ие болды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
52 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен  боксшы Жайна Шекербекова 1/2 финалда таиландтық Джутамас Джитпонгпен кездесті. Жекпе-жек төрешілердің шешімімен Джутамастың пайдасына аяқталды.
Осылайша Жайна Шекербекова 2022 жылғы әлем чемпионатының финалына жолдама ала алмай, қола жүлде иегері атанды.
            
 
                        

 
                         
                    









 
                     
                     
                     
                     
                    
