Шымкентте жыл соңына дейін 7,3 мыңға жуық тұрғын үй кезегіндегі азамат пәтермен қамтылады

0
74

Қалған 3 687 пәтерді жыл соңына дейін беру көзделіп отыр.


Шымкентте жыл соңына дейін 7,3 мыңға жуық тұрғын үй кезегіндегі азамат пәтермен қамтылады

Шымкентте тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтарды баспанамен қамту жұмыстары жалғасып жатыр. 2026 жылдың соңына дейін жалпы 7 386 пәтер беру жоспарланған.

Жоспарланған тұрғын үйлердің 2 818-і жалдамалы, ал 4 568-і несиелік бағыттағы пәтерлер.
Бүгінге дейін қала тұрғындарына жоспарланған 7 386 пәтердің 3 699-ы табысталған. Нақтырақ айтқанда, 2 192 отбасы несиелік пәтерге, ал 1 507 отбасы жалдамалы тұрғын үйге ие болған.
Қалған 3 687 пәтерді жыл соңына дейін беру көзделіп отыр. Оның ішінде 1 311-і жалдамалы, 2 376-сы несиелік тұрғын үй болады.
Қалада тұрғын үймен қамту жұмыстары тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтардың баспана мәселесін шешуге бағытталған. Жыл соңына дейін жоспарланған көрсеткіш толық орындалса, мыңдаған шымкенттік отбасы жаңа пәтерге қол жеткізеді.
Бөлісу