Словакия Ресеймен соғысуға әскерилер жібермейді - Фицо

0
232

Фицо жалған ынтымақтастық туралы айтуды доғару керектігін айтты.


Словакия Ресеймен соғысуға әскерилер жібермейді - Фицо

© Sputnik / Алексей Витвицкий

АСТАНА, 20 қыркүйек – Sputnik. Словакия жалған сылтаулармен Ресеймен немесе басқа елмен соғысуға сарбаздар жібермейді, деді Словакия премьер-министрі Роберт Фицо.
"Менің үкіметімнің тұсында ешкім Словакиядан тыс жерлерге Ресеймен немесе басқа елмен жалған сылтаулармен соғысуға жібермейді", - деді Фицо сенбі күні өзінің ресми әлеуметтік желіегі парақшасында жарияланған бейне хабарламада.
Ол НАТО Жарғысының 5-бабы оның мүшелерінің біріне шабуыл жасалған жағдайда ұжымдық қорғаныс туралы, шабуылға ұшыраған елдерге көмек көрсетуге кең мүмкіндіктер беретінін мәлімдеді.
Фицо жалған ынтымақтастық туралы айтуды доғару керектігін айтты.
"Еуропалық Одақта біз электр энергиясының бағасына, сарбаздардың өліміне қатысты ынтымақтастық таныта алмаймыз", - деді Фицо.
* Meta (Facebook және Instagram әлеуметтік желілері) Ресейде экстремистік деп танылған.