Қоғамдық жұмыстарға тартылған жастарға ай сайын 28 айлық есептік көрсеткіш (АЕК) көлемінде жалақы төленеді.
Үкіметтің №476 қаулысына сәйкес, жазғы демалыс кезеңінде 16 жасқа толған жоғары сынып оқушылары мен студенттер ақы төленетін қоғамдық жұмыстарға тартылатын болады. Жастар қоғамдық жұмыстарға аудандық мансап орталықтары арқылы жолданады.
Қазіргі уақытта Шымкент қаласында 16 жасқа толған жастарды қоғамдық жұмыстарға орналастыру үшін мекемелерден өтінімдер қабылдануда. Қоғамдық жұмысқа қатысуға ниетті жастар өздері тіркелген мекенжайы бойынша аудандық мансап орталықтарына жүгінуі қажет.
Жұмыс орындары бекітілгеннен кейін тиісті бос жұмыс орындары Enbek.kz порталында жарияланады.
Оқушылар мен студенттер жазғы демалыстың үш айы ішінде, яғни 31 тамызға дейін қоғамдық жұмыстарға қатыса алады. Қоғамдық жұмыстарға тартылған жастарға ай сайын 28 айлық есептік көрсеткіш (АЕК) көлемінде жалақы төленеді. Жалақыдан міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік төлемдер заңнамаға сәйкес ұсталады.
Сонымен қатар, 14-15 жас аралығындағы жасөспірімдерге “Менің жазғы демалысым” бағдарламасы аясында жұмыс берушілер бос орындарды Enbek.kz порталы арқылы ұсына алады. Мемлекет тарапынан бұл санаттағы жастарды ақылы қоғамдық жұмысқа жолдама берілмейді. Олардың еңбекақысы жұмыс берушілер есебінен төленеді және мемлекет тарапынан субсидияланбайды.


