​ШЫМКЕНТТЕ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАРҒА ЖЕДЕЛ ӘРЕКЕТ ЕТУ ҮШІН ЖАҢА НЫСАНДАР САЛЫНУДА

0
91

Жобаға сәйкес мұнда қызметтік бөлмелер, оқу кабинеті, асхана, оқу жаттығу мұнарасы, спорт алаңы, арнайы техникаларға арналған гараж және автотұрақ қамтылған.


​ШЫМКЕНТТЕ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАРҒА ЖЕДЕЛ ӘРЕКЕТ ЕТУ ҮШІН ЖАҢА НЫСАНДАР САЛЫНУДА

Шымкентте тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және төтенше жағдайлар кезінде жедел әрекет ету мүмкіндігін арттыру мақсатында жаңа өрт сөндіру деполары салынуда.

Қазіргі таңда Тұран және Жаңаталап шағынаудандарында аталған нысандардың құрылысы қарқынды жүргізіліп жатыр.

Тұран шағынауданындағы өрт сөндіру депосы екі қабатты ғимарат ретінде жобаланған. Нысан аумағында өрт сөндіру техникаларына арналған төрт автотұрақ, қызметкерлерге арналған автотұрақ, оқу жаттығу мұнарасы, шағын футбол алаңы және жүгіру жолағы қарастырылған. Мұндай инфрақұрылым төтенше жағдай кезінде қажетті техниканы жедел пайдалануға және мамандардың кәсіби дайындығын жетілдіруге мүмкіндік береді.
Ал Жаңаталап шағынауданында салынып жатқан нысанның ерекшелігі үш жедел қызметтің бір жерде жұмыс істеуіне қажетті жағдайлардың қарастырылуында. Кешенде төтенше жағдайлар қызметі, полиция және жедел жәрдем бригадаларының жұмысына арналған тиісті орындар болады.
Жобаға сәйкес мұнда қызметтік бөлмелер, оқу кабинеті, асхана, оқу жаттығу мұнарасы, спорт алаңы, арнайы техникаларға арналған гараж және автотұрақ қамтылған. Бұл жедел қызмет өкілдерінің өзара үйлесімді жұмыс істеуіне және оқиға орнына уақытылы жетуіне мүмкіндік беретін маңызды нысан болмақ.
Аталған нысандардың құрылысын жыл соңына дейін аяқтау жоспарланып отыр. Сонымен қатар, қалада жедел қызметтердің материалдық техникалық базасын нығайту бағытындағы жұмыстар кезең кезеңімен жалғасуда.
Айта кетейік, 2026 жылғы мамыр айында Бозарық 3 шағынауданында осындай әмбебап нысанның құрылысы аяқталып, пайдалануға берілді. Алдағы уақытта Базарқақпа, Ақжар және Қайнарбұлақ шағынаудандарында да осындай деполар салу жоспарланған.
Жаңа нысандардың іске қосылуы жедел қызметтердің оқиға орнына жету уақытын қысқартуға, қаланың қауіпсіздік жүйесін нығайтуға және төтенше жағдайларға жедел әрекет ету мүмкіндігін арттыруға бағытталған.
Бөлісу