Шымкентте №15 Жекпе-жек түрлерінен кешенді олимпиада резервінің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебі ашылды.
Жаңа нысанның ашылуына қала әкімі Ғабит Сыздықбеков қатысты.
Айта кету керек, спорт мектебі республикалық және халықаралық жарыстарда жоғары нәтижелерге қол жеткізген майталман спортшыларды тәрбиеледі. Олардың арасында Елена Шалыгина мен Софья Берульцева бар.
2400 шаршы метрден асатын жаңа төрт қабатты спорт кешеніне грек-рим және еркін күрес, дзюдо, кикбоксинг, каратэ, самбо және фитнес сабақтарына арналған алты мамандандырылған зал кіреді.