​Шымкентте «Соңғы қоңырау» қарсаңында профилактикалық жұмыстар жүргізілуде

0
83

Шымкент қаласы Полиция департаменті ата-аналарды балалардың қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарап, құқық бұзушылықтар мен қайғылы жағдайлардың алдын алуға бірлесе атсалысуға шақырады.


​Шымкентте «Соңғы қоңырау» қарсаңында профилактикалық жұмыстар жүргізілуде

25 мамыр күні Шымкент қаласының білім беру ұйымдарында «Соңғы қоңырау» іс-шарасы өтеді.

Осыған байланысты, Шымкент қаласы Полиция департаменті тарапынан құқық бұзушылықтардың, жол-көлік оқиғаларының және өзге де келеңсіз жағдайлардың алдын алу мақсатында профилактикалық жұмыстар жүргізілуде.

Атап айтқанда, түлектердің автокөліктермен топтасып жүруіне, сондай-ақ қала сыртындағы демалыс орындары мен су айдындарына баруына жол бермеу бағытында ата-аналар комитеттері және мектеп басшыларымен түсіндіру кездесулері ұйымдастырылды.
Профилактикалық шаралар аясында Шымкент қаласындағы №145 орта мектепте полиция қызметкерлері, мектеп әкімшілігі және ата-аналардың қатысуымен кездесу өтіп, қоғамдық тәртіпті сақтау, жол қозғалысы ережелері мен жазғы демалыс кезіндегі қауіпсіздік талаптары түсіндірілді.
Шымкент қаласы Полиция департаменті ата-аналарды балалардың қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарап, құқық бұзушылықтар мен қайғылы жағдайлардың алдын алуға бірлесе атсалысуға шақырады.
Бөлісу