Кездесу барысында спикерлер төтенше жағдайлардың алдын алу, қауіпсіздік ережелері және қауіпті жағдайда дұрыс әрекет ету туралы ақпарат берді.
Шымкент қаласы жастар саясаты басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен 19 қазан – Құтқарушылар күніне орай жастармен кездесу өтті.
Іс-шараны орталық басшысы Жансерік Бауыржанұлы Жұман ашып, құтқарушыларды кәсіби мерекелерімен құттықтады.
Кездесуге Төтенше жағдайлар департаментінің өкілі Асқар Рысбекұлы Шәріп, бас құтқарушы Үсен Аятханұлы Рахматуллаев, өрт сөндіру бөлімінің қарауыл бастығы Даулет Нұрбекұлы Орынбек және патрульдік полиция полкінің қызмет инспекторы Жұмабай Нұрлан Елтайұлы қатысты.
Кездесу барысында спикерлер төтенше жағдайлардың алдын алу, қауіпсіздік ережелері және қауіпті жағдайда дұрыс әрекет ету туралы ақпарат берді. Сонымен қатар Жұмабай Нұрлан Елтайұлы Бадам өзенінде суға кету қаупіне ұшыраған екі қызды құтқару оқиғасымен бөлісті.
Іс-шараның мақсаты – жастардың қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру және құтқарушылар қызметінің маңызын түсіндіру.


