​ШЫМКЕНТТЕ ҚОНЫС ТОЙЫ: ТАҒЫ 30 ОТБАСЫ ПӘТЕРЛІ БОЛДЫ

0
105

Баспана үй кезегінде тұрған азаматтарға жалға беру шартымен ұсынылып отыр.


​ШЫМКЕНТТЕ ҚОНЫС ТОЙЫ: ТАҒЫ 30 ОТБАСЫ ПӘТЕРЛІ БОЛДЫ

Шымкентте мемлекеттік жеңілдетілген тұрғын үй несиелеу бағдарламалары аясында тағы 30 отбасы жаңа пәтер кілттеріне ие болды. Салтанатты табыстау рәсіміне қала әкімі Ғабит Сыздықбеков қатысты.

Баспана үй кезегінде тұрған азаматтарға жалға беру шартымен ұсынылып отыр. Жаңа үйлер Бозарық шағынауданында орналасқан және барлық құрылыс нормалары мен сапа талаптарына сай пайдалануға берілген.
Пәтерлерді табыстау заңнамаға сәйкес жүзеге асырылып, «Отбасы банк» АҚ-ның «2-10-20» және «5-10-20» бағдарламаларына қатысқан, төлем қабілеттілігін растаған азаматтар арасында бөлінді.
Айта кету керек, баспана алғандардың қатарында көп балалы және толық емес отбасылар, ерекше балаларды тәрбиелеп отырған жанұялар, мүгедектігі бар азаматтар, сондай-ақ, бюджет саласының қызметкерлері бар.
Жобаны жүзеге асырудың басты мақсаты – баспана қолжетімділігін арттыру, кезекте тұрған азаматтарды қолдау және Мемлекет басшысының тапсырмалары аясында жайлы қалалық ортаны дамыту.
Бөлісу