Шымкентте кәсіпкерлік пен сауда саласының дамуына жаңа серпін берілуде

0
116

Кәсіпкерлік белсенділігін ынталандыру мақсатында бөлшек салық мөлшерлемесінің төмендетілуі өз нәтижесін беріп, бюджет кірістерінің артуына ықпал етті.


Шымкентте кәсіпкерлік пен сауда саласының дамуына жаңа серпін берілуде

Шымкентте кәсіпкерлікті қолдау, сауда инфрақұрылымын жаңғырту және шағын өндірісті дамыту бағытында ауқымды жұмыстар жүргізілуде.

Қалада бүгінде 133 мыңға жуық шағын және орта кәсіпкерлік субъектісі жұмыс істейді. Бұл сектор өңір экономикасының маңызды бөлігін құрап, халықты жұмыспен қамтуға және өндіріс көлемін ұлғайтуға елеулі үлес қосуда. Өткен жылдың қорытындысы бойынша салада жұмыспен қамтылғандар саны 259 мың адамға жетіп, өндірілген өнім көлемі 4,6 трлн теңгеден асты. Жалпы өңірлік өнімдегі шағын және орта бизнестің үлесі 56 пайызды құрады.
Кәсіпкерлерді мемлекеттік қолдау шаралары жүйелі түрде жүзеге асырылуда. 2026 жылы «Бірыңғай кешенді бағдарлама» аясында кәсіпкерлікті қолдауға 14,54 млрд теңге қарастырылды. Жылдың алғашқы бес айында 1 430 жобаға субсидиялау тетігі арқылы қолдау көрсетілді. Сонымен қатар «Өрлеу» бағдарламасы және кепілдендіру құралдары арқылы ондаған кәсіпкер жеңілдетілген қаржыландыруға қол жеткізді. «Іскер аймақ» бағдарламасы шеңберінде де жаңа жобаларға жеңілдетілген несиелер берілуде.
Кәсіпкерлік белсенділігін ынталандыру мақсатында бөлшек салық мөлшерлемесінің төмендетілуі өз нәтижесін беріп, бюджет кірістерінің артуына ықпал етті. Бұл шешім кәсіпкерлердің ашық жұмыс істеуіне және бизнесті дамытуға қолайлы жағдай қалыптастырды.
Қалада шағын өнеркәсіптік аймақтарды дамыту жұмыстары да қарқынды жалғасуда. Жалпы құны 26,6 млрд теңгені құрайтын үш ірі жоба аясында өндірістік ғимараттар салынып, кәсіпкерлерге дайын өндірістік алаңдар ұсынылуда. Бағдарлама толық іске асқанда 50-ден астам жаңа кәсіпорын ашылып, жүздеген жаңа жұмыс орны құрылып, бюджетке қосымша салық түсімдері қамтамасыз етіледі.
Бөлісу