​Шымкентте «Coffee Boom» кафесінің қызметі уақытша тоқтатылды

0
77

Жыл басынан бері аталған мекеме бойынша полицияға «102» арнасы арқылы 53 шақырту келіп түскен.


​Шымкентте «Coffee Boom» кафесінің қызметі уақытша тоқтатылды

Шымкент қаласының Әл-Фараби ауданында орналасқан «Coffee Boom» кафесінің қызметі анықталған құқық бұзушылықтарға байланысты уақытша тоқтатылды.

Жыл басынан бері аталған мекеме бойынша полицияға «102» арнасы арқылы 53 шақырту келіп түскен.
Профилактикалық іс-шаралар барысында 1 қылмыстық (бұзақылық) және 29 әкімшілік құқық бұзушылық дерегі тіркелген. Сонымен қатар, тексеру барысында мекемеде кәмелетке толмаған жасөспірімдердің болғаны анықталды.
Құқық бұзушылықтардың қайталануына байланысты полиция тарапынан заң аясында тиісті шаралар қабылданып, мекеменің қызметі уақытша тоқтатылды.
Полиция қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздік талаптарын бұзуға жол берілмейтінін ескертеді.
Бөлісу