Жөндеу жұмыстары басталды.
Шымкент қаласында биыл 7 білім беру нысанын күрделі жөндеу жоспарланған. Әр нысанға қатысты мердігер мекемелер анықталып, қазіргі таңда құрылыс-монтаждау жұмысы басталып кетті.
Олардың арасында 6 мектеп пен 1 балабақша бар. Атап айтқанда:
– Ұлдарға арналған №1 оқу-инновациялық лицей-интернатның ғимараты (371 орын);
– Хамза атындағы №42 жалпы орта мектеп (1710 орын);
– Қайнарбұлақ №106 жалпы орта мектебі (393 орын);
– Мұхтар Әуезов атындағы №96 жалпы орта мектеп (330 орын);
– А.Макаренко атындағы №41 мектеп-лицей (1781 орын);
– №46 мектеп-лицейі (1476 орын);
– №122 «Ақ көгершін» бөбекжай бақшасы (370 орын).
Аталған білім беру нысандарындағы күрделі жөндеу жұмысын биылғы жаңа оқу жылы басталғанға дейін аяқтау жоспарлануда.


