Құрылыс басқармасына атқарылып жатқан жұмыстардың сапасына бақылауды күшейтіп, нысанды жаңа оқу жылы басталғанға дейін уақытылы пайдалануға беру тапсырылды.
Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков қаланы аралау барысында «Теріскей» шағынауданында орналасқан №46 мектеп-лицей ғимаратының күрделі жөндеу жұмыстарымен танысты.
Қазіргі таңда нысанда ішкі әрлеу жұмыстары жүргізіліп, қасбеті мен шатыры жаңартылуда. Мердігер ұйымға құрылыс қарқынын күшейту тапсырылды.
Сонымен қатар Бозарық шағынауданында 30 отбасыға жаңа пәтер кілтін табыстау рәсімі өтті. Пәтерлер «Отбасы банк» АҚ-ның «2-10-20» және «5-10-20» бағдарламалары аясында төлем қабілеттілігін растаған азаматтарға берілді.
Қала әкімі жаңа қоныс иелерін қоныс тойымен құттықтап, тұрғын үйлерді сапалы күтіп-ұстау және ортақ мүлікті тиімді басқару үшін мүлік иелерінің бірлестігін (МИБ) құрудың маңыздылығына тоқталды. Бұл тұрғындардың жауапкершілігін арттырып, қолайлы өмір сүру ортасын қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Бұдан бөлек Абай ауданындағы К. Қасымұлы атындағы №82 жалпы білім беретін мектепте салынып жатқан 450 орындық қосымша ғимараттың құрылысы тексерілді. Жоба оқушыларға қолайлы жағдай жасап, білім беру инфрақұрылымын дамытуға бағытталған.
Құрылыс басқармасына атқарылып жатқан жұмыстардың сапасына бақылауды күшейтіп, нысанды жаңа оқу жылы басталғанға дейін уақытылы пайдалануға беру тапсырылды.


