ШЫМКЕНТ: жылыту маусымына дайындық – тұрақты бақылауда

0
63

Қала бойынша жалпы ұзындығы 18,6 шақырым жылу желісінде ағымдағы жөндеу жұмысы жүргізілуде.


ШЫМКЕНТ: жылыту маусымына дайындық – тұрақты бақылауда

Шымкент қаласында 2026-2027 жылдардағы жылыту маусымына дайындық жұмыстары бекітілген жоспарға сәйкес жүйелі түрде жүргізілуде.

Жылу желілеріне жүргізілген гидравликалық қысымдау нәтижесінде анықталған 135 ақаудың 95-і толық жойылды. Қалған 40 ақауды жою бойынша жоспарлы жөндеу жалғасуда.

Жеке және мектеп қазандықтарының 97%-ы, яғни 71 қазандықтың 69-ы алдағы жылыту маусымына дайын. Мекемеге қарасты 17 сорғы станциясының 13-і (76%) жөнделді.
Сонымен қатар, «Шымсити», «Ақжайық» және «Тұран-1» жылу қазандықтарына жаңа жылу алмастырғыш қондырғылары орнатылуда.
Шымкент қаласының энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасы, «Қуатжылуорталық-3» МКК және «Alageum Electric» компаниясы арасында резервтік отын қоры бактарын жөндеу бойынша меморандумға қол қою жоспарлануда.
Қала бойынша жалпы ұзындығы 18,6 шақырым жылу желісінде ағымдағы жөндеу жұмысы жүргізілуде.
Бүгінгі таңда қаладағы көп қабатты 2 241 үйдің 1796-сы (80%), бюджеттік 211 мекеменің 194-і (92%) алдағы жылыту маусымына дайын. Көп қабатты 950 үйде сервистік қызмет мекемелерімен келісімшарт жасалған. Қалған 1 291 үйді сервистік мекемелермен қамту жұмысы ұйымдастырылуда.
Көп пәтерлі үйлердің ішкі жылу жүйелерін сапалы дайындау және жылыту маусымының тұрақты өтуін қамтамасыз ету үшін пәтер иелері, ПИК және МИБ тарапынан тиісті сервистік мекемелермен келісімшарттар түзуі қажет.
Жалпы, жылыту маусымына дайындық барысы тұрақты бақылауда және бекітілген жоспарға сәйкес жалғасып жатыр.
Бөлісу