ШЫМКЕНТ: жастарға арналған комьюнити орталығының жұмысы жаңарды

0
70

Мұнда жастар өз қабілеттерін дамытып қана қоймай, тәжірибе алмасып, жаңа жобаларды жүзеге асыруға мүмкіндік алады.


ШЫМКЕНТ: жастарға арналған комьюнити орталығының жұмысы жаңарды

Шымкент қаласында жастарға арналған заманауи комьюнити орталығының жұмысын жалғасуда.

Орталықта жастарға жағдай жасалған. Онда түрлі форматтағы кездесулер мен семинар-тренингтер өткізуге арналған зал, тегін ағылшын тілінің курсы, заңгерлік кеңес алу мүмкіндігі, ән және би үйірмелеріне арналған арнайы кеңістік, сурет салу және кітап оқуға арналған аймақ, дөңгелек үстел ұйымдастыруға арналған зал, заманауи кітапхана бар.
Мұнда жастар өз қабілеттерін дамытып қана қоймай, тәжірибе алмасып, жаңа жобаларды жүзеге асыруға мүмкіндік алады. Комьюнити орталығы алдағы уақытта жастардың басын қосатын маңызды рухани әрі мәдени ортаға айналмақ.
Жұмыс уақыты:
дүйсенбі – сенбі, 09:00 – 19:00.
Мекенжайы:
Желтоқсан көшесі, 9/4.
Бөлісу