ШЫМКЕНТ: жастар арасында құқықтық және экологиялық мәдениет насихатталды

0
80

Мұндай іс-шаралар жастардың құқықтық және экологиялық мәдениетін қалыптастыруға, олардың азаматтық ұстанымын нығайтуға және қоғам алдындағы жауапкершілігін арттыруға ықпал етеді.


ШЫМКЕНТ: жастар арасында құқықтық және экологиялық мәдениет насихатталды

«Заң мен тәртіп» қағидаты және «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында жастардың құқықтық және экологиялық санасын нығайтуға бағытталған ақпараттық-танымдық кездесу ұйымдастырылды.

Кездесуге Шымкент қаласы бойынша Экология департаментінің зертханалық-аналитикалық бақылау бөлімінің басшысы Ақмарал Арыстанбекқызы Нысанбекова, Шымкент қаласы Еңбекші ауданы прокуратурасының аға прокуроры Ахмет Тұрсыналыұлы Жүзбаев және Шымкент қаласы Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының аса маңызды істер жөніндегі аға жедел уәкілі, полиция полковнигі Балжан Хамидуллақызы Манабаева қатысты.
Іс-шара барысында спикерлер заң үстемдігін қамтамасыз етудің маңызы, құқықбұзушылықтың алдын алу тетіктері, есірткі қылмыстарының қоғам мен жас ұрпаққа тигізетін кері әсері, сондай-ақ қоршаған ортаны қорғау мен экологиялық мәдениетті қалыптастыру бағытындағы мемлекеттік бастамалар жөнінде жан-жақты ақпарат берді.
Сонымен қатар жастардың құқықтық санасын арттыруда әр азаматтың жеке жауапкершілігінің рөлі, қоғамдық тәртіпті сақтау, табиғатты қорғау ісіне белсенді қатысудың маңызы кеңінен сөз болды. Қатысушылар өздерін қызықтырған сауалдарын қойып, сала мамандарынан нақты жауаптар алып, өзара пікір алмасты.
Мұндай іс-шаралар жастардың құқықтық және экологиялық мәдениетін қалыптастыруға, олардың азаматтық ұстанымын нығайтуға және қоғам алдындағы жауапкершілігін арттыруға ықпал етеді.
Бөлісу