ШЫМКЕНТ: Ынтымақтастық меморандумына қол қойылды

0
79


ШЫМКЕНТ: Ынтымақтастық меморандумына қол қойылды

Шымкент қаласы жастар саясаты басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ-сі мен Шымкент қаласы денсаулық сақтау басқармасының «Jas Demeu» жастар денсаулық орталығы өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

Меморандумның негізгі мақсаты – жастардың денсаулығын нығайту, салауатты өмір салтын насихаттау, психологиялық және репродуктивті денсаулық бағытындағы ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын бірлесіп ұйымдастыру, сондай-ақ жастарға қолжетімді әрі сапалы қызмет көрсету бойынша өзара ынтымақтастықты дамыту.
Алдағы уақытта екі мекеме бірлесіп түрлі профилактикалық іс-шаралар, семинарлар, тренингтер мен ақпараттық акцияларды жүзеге асырып, жастардың денсаулығы мен әл-ауқатын арттыруға бағытталған жұмыстарды жалғастырады.
Бөлісу