ШЫМКЕНТ: шипажай емінің онлайн кезегі қызмет алуды жеңілдетеді

0
78

Мекемеде қазіргі таңда 26 түрлі емдік-сауықтыру шарасы ұйымдастырылған.


ШЫМКЕНТ: шипажай емінің онлайн кезегі қызмет алуды жеңілдетеді

Шымкент қаласындағы «Ізетті Зейнеткер» орталығында зейнеткерлерге санаторлық-емдік және әлеуметтік-тұрмыстық қызмет көрсетіледі. Бүгінге дейін орталықта 1920 зейнеткер ем қабылдады.

Ем алушылар мекемеге келген кезде дәрігер тексеруінен өтіп, денсаулық жағдайы мен жас ерекшелігіне қарай емдік шаралар тағайындалады. Физиотерапия, массаж, емдік дене шынықтыру, сумен емдеу, магниттік және электротерапия, ингаляция, фитотерапия, тұзды шахта және басқа да сауықтыру қызметтері ұсынылады.
Мекемеде қазіргі таңда 26 түрлі емдік-сауықтыру шарасы ұйымдастырылған. Сонымен қатар, музыка терапиясы, шахмат, дойбы, үстел теннисі және спорттық-мәдени бағыттағы қызметтер көрсетіледі.
Демалушылар күніне төрт мезгіл ыстық тамақпен қамтамасыз етілген. Ем алушылардың жайлылығы мен қауіпсіздігіне қажет жағдай жасалып, санитарлық талаптардың сақталуы тұрақты бақылауда.
Айта кетейік, Шымкентте зейнеткерлер санаторлық-курорттық ем алуға кезекке онлайн тұра алады. Азаматтар geo-shym.kz порталы арқылы өтініш беріп, кезек ретін онлайн бақылай алады.
Бөлісу