​Шымкент полицейлері қарудың заңсыз айналымының жолын кесті

0
76

Қарудың заңсыз айналымына қатысы бар 4 адам ұсталды.


​Шымкент полицейлері қарудың заңсыз айналымының жолын кесті

Шымкент қаласы Полиция департаментінің қызметкерлері мен қалалық прокуратураны үйлестіру арқылы қарудың заңсыз айналымына қатысты жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізілді.

Жүргізілген жұмыстар нәтижесінде Алматы және Өскемен қалаларында қару-жарақ жасырынған орындар анықталып, бірнеше атыс қаруы, оның ішінде ойық ұңғылы карабиндер мен винтовкалар тәркіленді.
Сонымен қатар қарудың заңсыз айналымына қатысы бар 4 адам ұсталды.
Қазіргі таңда аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.
Бөлісу