Шымкент пен Астана арасындағы әуе қатынасы кеңейеді

0
68

Ұшақтар аптасына үш рет – жұма, сенбі және жексенбі күндері қатынайды.


Шымкент пен Астана арасындағы әуе қатынасы кеңейеді

2026 жылғы 12 маусымнан бастап «Air Astana» әуе компаниясы Астана – Шымкент және Шымкент – Астана бағыттары бойынша тұрақты рейстерді іске қосады.

Ұшақтар аптасына үш рет – жұма, сенбі және жексенбі күндері қатынайды.

Жаңа бағыттың ашылуы мегаполистің көлік қатысаны саласындағы мүмкіндіктерін кеңейтіп, қала тұрғындары мен қонақтарына әуе тасымалының қолжетімділігін арттырудағы маңызды қадам болмақ. Қалалар арасындағы қатынас желісінің дамуы іскерлік, туристік және өңіраралық байланыстарды нығайтып, тұрғындардың мобильділігін арттыруға қосымша мүмкіндік береді.
Мемлекет басшысы елімізде көлік инфрақұрылымын дамытуға, өңірлер арасындағы байланысты күшейтуге және заманауи логистикалық жүйе қалыптастыруға ерекше назар аударып келеді. Әуе қатынасын кеңейту мен көлік қолжетімділігін арттыру – осы бағыттағы маңызды жұмыстың бірі.
Бүгінде Шымкент қаласы тұрақты дамып, еліміздің ірі экономикалық әрі іскерлік орталықтарының бірі ретіндегі орнын нығайтып келеді. Осыған байланысты көлік инфрақұрылымын кеңейту және авиациялық қатынасты дамыту айрықша маңызға ие.
Жаңа әуе бағыт Шымкенттің еліміздің ірі көлік, экономикалық және инвестициялық орталығы ретіндегі мәртебесін одан әрі нығайта түседі.
Бөлісу