ШЫМКЕНТ: Мұз сарайын ауқымды жөндеу жұмысы аяқталып келеді

0
104

Мұз сарайы қала тұрғындары мен спортшыларға заманауи талаптарға сай қызмет көрсететін, қауіпсіз әрі жайлы спорт нысанына айналады деп күтілуде.


ШЫМКЕНТ: Мұз сарайын ауқымды жөндеу жұмысы аяқталып келеді

Шымкент қаласындағы Мұз сарайында ағымдағы жөндеу жұмысы қарқынды жүргізілуде. Қазіргі таңда ғимараттың шатырын гидрооқшаулау және жылумен оқшаулау жұмыстарының 95 пайызы аяқталған.

Алдағы кезеңде Мұз сарайының іші жаңартылады. Атап айтқанда, уақыт өте келе сапасы төмендеп, тегістігі бұзылған бетон жабындары толық ауыстырылып, заманауи талаптарға сай қайта төселеді. Сонымен қатар, инженерлік жүйелер жаңартылып, спортшылар мен келушілер үшін барынша қолайлы жағдай жасау көзделген.
Бұдан қоса, мұз айдынының сапасын жақсарту жұмыстарына ерекше көңіл бөлінуде. Бұл болашақта халықаралық талаптарға сай жарыстар өткізуге мүмкіндік береді.
Айта кету керек, Мұз сарайы пайдалануға берілген уақыттан бері мұндай көлемді жөндеу жұмысы жүргізілмеген. Нысан мемлекеттік меншікке қайтарылғаннан кейін оны толық жаңарту туралы шешім қабылданды.
Жөндеу толық аяқталған соң Мұз сарайы қала тұрғындары мен спортшыларға заманауи талаптарға сай қызмет көрсететін, қауіпсіз әрі жайлы спорт нысанына айналады деп күтілуде. Нысанды тамыз айында пайдалануға беру жоспарланған.
Айта кетейік, Мұз сарайының трибунасы 2500 көрерменге арналған. Мұнда бір мезетте 300 адамға дейін жаппай сырғанай алады. 2017 жылы жекеменшік басқаруға берілген нысан 2024 жылы әлеуметтік маңызы ескеріле отырып, қала әкімдігінің шешімімен 67 пайыздық үлесі мемлекет меншігіне қайтарылып, мемлекеттік балансқа өтті.
Бөлісу