​ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ КӘСІПКЕРЛІК ЖӘНЕ ИНДУСТРИАЛДЫ-ИННОВАЦИЯЛЫҚ ДАМУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

0
80


​ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ КӘСІПКЕРЛІК ЖӘНЕ ИНДУСТРИАЛДЫ-ИННОВАЦИЯЛЫҚ ДАМУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

Меритократия қағидатына сәйкес қала әкімінің өкімімен Шымкент қаласының кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасының басшысы лауазымына Ермек Полатұлы Тұрманов тағайындалды.

Ермек Полатұлы 1993 жылы Шымкент қаласында туған. Білімі жоғары, Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетін және Аймақтық әлеуметтік инновациялық университетін әлемдік экономика, құқықтану мамандықтары бойынша тәмамдаған.
Еңбек жолын 2015 жылы Еңбекші ауданы әкімінің аппаратында бастаған.
2016-2018 жылдары Шымкент қаласының кәсіпкерлік бөлімі өнеркәсіп, шағын, орта бизнес және сыртқы экономикалық байланыс секторының бас маманы болып қызмет атқарды.
2018-2023 жылдары Шымкент қаласының кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасының жетекші маманы, бас маманы, бөлім басшысы болып еңбек етті.
Бүгінге дейін Шымкент қаласының Кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасы басшысының орынбасары лауазымында қызмет атқарып келді.
Бөлісу