Нариман Құрбанов Мәскеудегі турнирде алтын медаль жеңіп алды

0
112

Отандасымыз ат снарядындағы жаттығуда үздік нәтиже көрсетті.


Нариман Құрбанов Мәскеудегі турнирде алтын медаль жеңіп алды

Фото: olympic.kz

ERNUR.KZ. Қазақстандық гимнаст Нариман Құрбанов Ресейдің Мәскеу қаласында өтіп жатқан халықаралық турнирде жеңімпаз атанды, деп жазады inbusiness.kz.

Отандасымыз ат снарядындағы жаттығуда 15,066 ұпай жинап, алтын медаль иеленді.

Ресейлік Ранель Сафиуллин 14,300 ұпаймен екінші орын алса, оның отандасы Даниел Маринов 13,866 ұпаймен қола жүлдегер атанды.