ШЫМКЕНТ: физика пәнін тәжірибемен оқытуға арналған жаңа зертхана ашылды

0
55

Зертхана 160-тан астам тәжірибені орындауға мүмкіндік беретін құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген.


ШЫМКЕНТ: физика пәнін тәжірибемен оқытуға арналған жаңа зертхана ашылды

Шымкентте Циолковский атындағы №84 мектепте оқушылардың физика пәніне қызығушылығын арттырып, ғылыми-зерттеу дағдыларын дамытуға бағытталған заманауи зертхана ашылды.

Зертхана 160-тан астам тәжірибені орындауға мүмкіндік беретін құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген. Оқушылар жаңа мүмкіндіктер арқылы физикалық құбылыстарды тәжірибе жүзінде зерттеп, өлшеу жұмыстарын жүргізіп, нәтижелерін талдай алады. Бұл теориялық білімді тәжірибемен ұштастырып, пәнді терең меңгеруге жол ашады.
Жоба Human Capital Ltd., Daryn Plus және Қытайдың «Чжункэ» компаниясының бастамасымен жүзеге асырылды. Серіктестер зертхана жабдықтарын мектепке өтеусіз негізде ұсынған.
Жаңа зертхананың ашылуы – білім беру үдерісіне заманауи технологияларды енгізіп, оқушылардың зерттеушілік қабілетін дамытуға бағытталған маңызды қадам. Мұнда оқушылар физикалық заңдылықтарды тәжірибе арқылы меңгеріп қана қоймай, өз бетінше ізденуге, ғылыми тұжырым жасауға және алған білімдерін іс жүзінде қолдануға дағдыланады.
Зертхана, сонымен қатар, мұғалімдерге оқу материалын көрнекі түсіндіріп, сабақтарды тәжірибеге негізделген тиімді әдістермен ұйымдастырылады.
Бөлісу