«ШЫМҚАЛА КЕШТЕРІ» – Шымкент тұрғындарына арналған мәдени жоба

0
78

Көпшілікке әсем ән мен ерекше әсерге толы мерекелік атмосфера тарту етті.


«ШЫМҚАЛА КЕШТЕРІ» – Шымкент тұрғындарына арналған мәдени жоба

1-2 тамыз күндері дәстүрлі «Шымқала кештері» жазғы концерттік бағдарламасы аясында қаладағы бірнеше демалыс орнында кезекті концерттер шеруі өтті.

Этноауыл алаңы, Арбат демалыс аймағы, А.Асқаров атындағы Дендросаябақ, Шымсити және Орталық саябақтарда, сондай-ақ, Көл демалыс аймағында өткен кештер қала тұрғындары мен қонақтарына көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.
Кеш барысында «Шымкент концерт» ұйымының өнерпаздары өз өнерлерін паш етіп, көпшілікке әсем ән мен ерекше әсерге толы мерекелік атмосфера тарту етті.
Айта кетейік, «Шымқала кештері» – қала тұрғындарының жазғы демалысын әсем әнмен әрлейтін дәстүрлі мәдени жоба.
Бөлісу