​«МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ ЖӘНЕ БАҚ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАЙҚАУЫНА ӨТІНІМ ҚАБЫЛДАУ БАСТАЛДЫ

0
83

Қатысушылар 2026 жылғы 1 қаңтар мен 1 шілде аралығында бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған немесе эфирге шыққан материалдарын ұсына алады.


​«МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ ЖӘНЕ БАҚ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАЙҚАУЫНА ӨТІНІМ ҚАБЫЛДАУ БАСТАЛДЫ

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті мемлекеттік тілді бұқаралық ақпарат құралдарында кеңінен насихаттау және қазақтілді контенттің үлесін арттыру мақсатында дәстүрлі «Мемлекеттік тіл және БАҚ» республикалық байқауын жариялайды.

Байқаудың мақсаты – мемлекеттік тілді танымал ету, тіл саясатын насихаттау және бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған үздік материалдарды қолдау.
Байқау келесі номинациялар бойынша өткізіледі:
  • «Үздік мақала»
  • «Үздік теле/радиобағдарлама»
Байқауға кәсіби журналистер, телевизия және радио қызметкерлері, газет пен интернет-басылымдардың шығармашылық ұжымдары, сондай-ақ мемлекеттік тілдің өзекті мәселелерін көтерген журналист-мамандар қатыса алады.
Қатысушылар 2026 жылғы 1 қаңтар мен 1 шілде аралығында бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған немесе эфирге шыққан материалдарын ұсына алады.
Байқауға қатысу үшін 2026 жылғы 1 шілде сағат 24:00-ге дейін келесі құжаттарды жолдау қажет:
– белгіленген үлгі бойынша толтырылған өтінім;
– бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған екі мақала немесе бір теле/радиобағдарлама;
– материалдардың электрондық нұсқалары, скриншоттары немесе бейне/аудио жазбалары.
Өтінімдер «Мемлекеттік тіл және БАҚ» республикалық байқауына» деген белгімен [til.jane.baq@gmail.com](mailto:til.jane.baq@gmail.com) электрондық поштасына қабылданады.
Байқау материалдары мынадай өлшемшарттар бойынша бағаланады:
– тақырыпқа сәйкестігі;
– ақпараттың өзектілігі, нақтылығы және шынайылығы;
– мәселені талдау тереңдігі;
– материалды ұсыну шеберлігі.
Қазылар алқасының шешімімен анықталған жеңімпаздар арнайы дипломдармен, алғысхаттармен және қаржылай сыйлықтармен марапатталады.
Байқау қорытындылары бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланып, Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Тіл саясаты комитетінің ресми интернет-ресурсында орналастырылады.
Байланыс телефоны: 8 777 114 66 83.
Бөлісу