Перинаталдық көмектің кешенділігі – акушер, неонатолог, хирург және анестезиологтың бірлескен жұмысы медициналық көмектің сапасын арттырады.
Шымкент қалалық перзентханасында неонаталдық хирургия бөлімшесінің ашылуы – еліміздің неонатология саласындағы маңызды стратегиялық шешімдердің бірі.
Жаңа туған сәбилердегі туа біткен ақаулар мен күрделі патологиялар көп жағдайда алғашқы сағаттарда анықталып, шұғыл көмек көрсетуді талап етеді. Бұрын мұндай балаларды басқа көпбейінді ауруханаларға тасымалдауға тура келетін, бұл өз кезегінде уақыт жоғалту мен қауіп-қатердің артуына себеп болатын.
Енді перзентхана базасында тікелей шұғыл ота жасау мүмкіндігі бар. Бұл – перинаталдық көмектің тиімділігі мен қауіпсіздігін жаңа деңгейге көтереді.
Туа біткен аномалияларды дер кезінде анықтап, шұғыл хирургиялық жолмен емдеу. Шала туған нәрестелермен жұмыс істеуге бейімделген заманауи құрал-жабдықтар. Анестезиология мен реанимация қызметінің толық интеграциясы, Жоғары білікті неонаталдық хирургтар мен анестезиологтардан құралған команда.
Уақыт факторын қысқарту – жаңа туған сәбиге алғашқы сағаттарда көмек көрсету өмір мен өлімнің арасындағы шешуші фактор.
Қауіпсіз тасымалдауға балама – ауыр жағдайда жатқан сәбиді тасымалдамай-ақ, қажетті көмекті бір жерде көрсету.
Перинаталдық көмектің кешенділігі – акушер, неонатолог, хирург және анестезиологтың бірлескен жұмысы медициналық көмектің сапасын арттырады.
Бүгінде бөлімше дәрігерлері 7 сәбиге сәтті ота жасап, олардың өміріне араша түсті. Бұл – бір мекеменің шегінен тыс, жүйелік өзгерістердің белгісі.
Неонаталдық хирургия бөлімшесінің ашылуы – тек бір мекеменің жаңалығы емес, бұл – денсаулық сақтау саласындағы жаңа кезеңнің бастауы. Болашақта мұндай тәжірибенің басқа өңірлерге де таралуы – ана мен бала өмірін сақтаудағы маңызды фактор болмақ.