Сурет: pixabay
ERNUR.KZ. Бүгін, 2025 жылғы 11 қыркүйекте елордалық 112 қызметіне Сарыарқа ауданындағы Н.Тілендиев көшесінде орналасқан тұрғын үй кешендерінің бірінің 1-қабатында лифтте адамдар қалып қойғаны туралы хабарлама келіп түсті, деп жазады zakon.kz.
Шақырту орнына келген жедел-құтқару жасағы арнайы лифт кілтінің көмегімен кабинаның есігін ашып, 9 адамды босатты.
Оқиға сәтті аяқталып, өтініш берушілерге медициналық көмек қажет болмады.
ТЖМ кез келген төтенше жағдайларға байланысты қиын жағдайға тап болсаңыз, 112 нөміріне хабарласуға кеңес берді.