"Брусчатка" ауыстыра беру - ысырапшылдық": депутаттар президенттің сөзін еске алды

0
102

Соның кесірінен орталықтан бюджетті қосымша қайта бөлуге тура келеді.


фото: Sputnik / Санат Имангалиев

ERNUR.KZ. Депутаттар үш жылдық республикалық бюджетті қарау кезінде "брусчатка" ауыстыра беретін әкімдерді еске алды, деп жазады sputnik.kz.
Депутат Дания Еспаева ондай әрекеттерді ысырапшылдыққа теңеді.
"Президент әкімдіктер өңірлерге корпоративтік салықтардан түскен қаражатты көше бойындағы тас тақтайшалар салу сияқты тиімсіз жобаларға бағыттағанын атап өтті. Мұндай ысырапшылдық жылумен жабдықтау, сумен қамтамасыз ету, денсаулық сақтау, білім беру секілді қоғамдық маңызы бар салаларды толық қаржыландырмауға әкеп соғады", - деді Еспаева.
Оның айтуынша, соның кесірінен орталықтан бюджетті қосымша қайта бөлуге тура келеді.
Айта кетері, Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа арнаған жолдауында "брусчатка" төсеуді тиімсіз жобалар деп атады.