Кездесулер барысында тұрғындардың ұсыныс-пікірлері тыңдалып, қауіпсіз тұрғын үй ортасын қалыптастыру мәселелері талқыланды.
Шымкент қаласында тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және құқық бұзушылықтардың алдын алу бағытында «Қауіпсіз үй» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.
Іс-шара аясында Шымкент қаласы Полиция департаментінің қызметкерлері тұрғындармен кездесіп, қоғамдық тәртіпті сақтау, құқық бұзушылықтардың алдын алу және қауіпсіздік шаралары бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізуде.
Кездесулер барысында тұрғындардың ұсыныс-пікірлері тыңдалып, қауіпсіз тұрғын үй ортасын қалыптастыру мәселелері талқыланды.
Полиция тұрғындарды қауіпсіздік талаптарын сақтауға және құқық бұзушылықтардың алдын алуға бірлесіп атсалысуға шақырады.


