​ҚАЙТАРЫМСЫЗ ГРАНТҚА ӨТІНІМ ҚАБЫЛДАУ 24 МАУСЫМДА БАСТАЛАДЫ

0
145

Грант мөлшері – 400 АЕК, яғни, 1 730 000 теңге.


​ҚАЙТАРЫМСЫЗ ГРАНТҚА ӨТІНІМ ҚАБЫЛДАУ 24 МАУСЫМДА БАСТАЛАДЫ

Business.enbek.kz порталында 2026 жылғы 24 маусым мен 8 шілде аралығында жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған қайтарымсыз мемлекеттік гранттарға өтінім қабылданады.

Грант мөлшері – 400 АЕК, яғни, 1 730 000 теңге. Қаражат кәсіпкерлікті дамытуға, табыс көзін қалыптастыруға және азаматтардың экономикалық белсенділігін арттыруға бағытталған. Грант әр азаматқа бір рет қана беріледі.
Конкурсқа жұмыссыз ретінде тіркелген азаматтар және тіркелгеніне бір жылдан аспаған жеке кәсіпкерлер қатыса алады. Шымкентте биыл 400 адамға грант беру жоспарланған, оның ішінде алғашқы кезеңде 250 адам қамтылады.
Үміткер мына санаттардың біріне жатуы тиіс: мүгедектігі бар адамдар, қандастар, қоныс аударушылар, атаулы әлеуметтік көмек алушылар, көп балалы отбасылар немесе олардың жұбайлары, мүгедектігі бар бала тәрбиелеп отырған тұлғалар немесе олардың жұбайлары, асыраушысынан айрылу бойынша жәрдемақы алушылар.
Міндетті талаптардың бірі – өтінім берген күнге дейінгі соңғы үш жылда алынған «Бастау Бизнес» жобасы бойынша оқыту сертификатының болуы.
Іріктеу конкурстық комиссия арқылы жүргізіледі. Бағалау кезінде бизнес-идеяның өміршеңдігі, даму мүмкіндігі, қаржылық негізділігі және жұмыс орындарын құру әлеуеті ескеріледі.
Өтінім беру толықтай электронды форматта business.enbek.kz порталы арқылы жүзеге асырылады. Қатысушылар порталға тіркеліп, өтінім толтырып, бизнес-жоспарды жүктеп, ЭЦҚ арқылы қол қоюы қажет.
Грант қаражатын несиелерді өтеуге, үй немесе жер сатып алуға, шетел валютасын, бағалы қағаздар мен цифрлық активтерді алуға, акцизделетін өнім өндіруге және заңмен тыйым салынған қызметтерге пайдалануға болмайды.
Бөлісу