Информатика мұғалімі – ХХІ ғасырдың мамандығы.
ERNUR.KZ. Иманбекова Оразгүл Шаукенқызы - «Информатика» пәнінің мұғалімі. Ол Саттар Ерубаев атындағы №24 ІТ мектеп-лицейінде 2001 жылдан бастап ұстаздық қызметін атқаруда. Бүгінде педагог-зерттеуші санатындағы мұғалім.
Информатика мұғалімі – ХХІ ғасырдың мамандығы. Қазіргі балалар ерте жастан бастап компьютермен өскенімен, олар информатика негіздерінің не екенін түсіне бермейді. Олар компьютердің не екенін мектеп қабырғасына келгенде ғана толық түсіне бастайды. Ал информатика мұғалімдері эрудициясымен, қызығушылығымен, ұтымдылығымен, аналитикалық ойлау қабілетімен ерекшеленеді. Сондай мамандардың бірі деп Оразгүл Шаукенқызын айтуға болады.
Ол– өзінің біліктілігі мен білім деңгейін үнемі жетілдіре отырып, өзгерістерге бейімделе алатын білімді маман, өйткені ғылым бір орында тұрмайды және үнемі дамып отырады. Заманауи мұғалім сабақтарында озық технологияларды қолдануға тырысады, оқушыларға мәтінді, кестелерді, суреттерді өңдеуге арналған бағдарламалармен жұмыс істеу дағдыларын үйретеді, бағдарламалау негіздерін зерттеп білуіне көмектеседі. Оқушылар өз өмірінің көп бөлігін мектеп қабырғасында өткізеді, сол себепті Оразгүл Шаукенқызы балалар үшін тек педагог емес, сонымен қатар дос, көмекші, психолог, кеңесші болып жүр.