Саябақ құрылысын Қала күніне дейін толық аяқтап, тұрғындардың игілігіне пайдалануға беру жоспарлануда.
Шымкент сити шығанауданындағы ауқымды саябақтың аумағы кеңейтіліп, екінші кезеңінің құрылысы қызу жүруде. Қазіргі таңда мердігер мекеме құрылыс-монтаж жұмысының 75 пайызын аяқтады.
Жоба аясында шағын сәулеттік формалар, ақпараттық стендтер, арқалығы бар саябақ орындықтары, қоқыс жәшіктері, пикник үстелдері, шолу алаңдары, серуендеуге арналған ағаш соқпақтар, көгалдандыру мен гүлзарлар қарастырылған. Ал пандустар мен төмендетілген жиек тастар орнату арқылы мүмкіндігі шектеулі азаматтардың кедергісіз қозғалысына жағдай жасалады.
Сонымен қатар, монументалды барельеф қазақ халқының мәдениеті мен тарихын стильдендірілген бейнелер арқылы панорамалық түрде көрсетеді.
Онда көшпелі өркениеттің төрт негізгі тақырыбы қамтылған:
* «Ежелгі түркілер» – панно сюжетінде сақ, ғұн және ежелгі түркі дәуірлері;
* «Алтын Орда» – композицияда тақта отырған Шыңғыс хан мен қолбасшылары бейнеленген, бес қаруы сай атты және жаяу әскер көрініс табады.
* «Қазақ хандығы» – паннода ел басқарған хандар, Үш Жүздің ұлы батырлары мен билері бейнеленген;
* «Заманауи Қазақстан». Бұл панно сюжетінде қазіргі Қазақстан бейнеленіп, еліміздің рәміздері қамтылады.
Саябақ құрылысын Қала күніне дейін толық аяқтап, тұрғындардың игілігіне пайдалануға беру жоспарлануда.
Айта кетейік, ауқымды саябақтың құрылысы 2023 жылы басталып, І кезеңі 2024 жылы ел игілігіне берілген болатын. Қазіргі таңда саябақ қала тұрғындары мен қонақтарының сүйікті демалыс орнына айналып үлгерген.


