ШЕТЕЛде қай БАНКТІҢ КАРТАСЫН қолданған тиімді?

0
192


ШЕТЕЛде қай БАНКТІҢ КАРТАСЫН қолданған тиімді?

Сурет: axisbank.com

Шетелге сапарды жоспарлау – тек билет сатып алу және қонақүйді брондаумен бітпейді. Жат жерде жүргенде қолданатын қаржыны қайда ұстайтыныңызды дұрыс таңдау да өте өзекті.

Қаражатты қолма-қол түрінде қалтаға салған жөн. Бірақ бәрін емес. Қауіпсіздік үшін қаржының бір бөлігін банк картасында ұстаған абзал. Әйткенмен, осы орайда банкті немесе карта түрін дұрыс таңдамау біршама қолайсыздықтар мен артық шығынға ұшыратуы әбден мүмкін. Қазақстан азаматтарына шетелде жүргенде қажетсіз шығындардан аулақ болуға көмектесу үшін қандай карталарды қолдану тиімді екенін айтамыз.


САЯХАТҚА АРНАЛҒАН КАРТА: қандай түрлері бар?

Сапарға арналған картаны таңдамас бұрын, оны бірнеше негізгі параметрлер бойынша бағалаңыз:

  • Шетелде қолма-қол ақша алу үшін комиссия. Бұл – басты фактор. Ең тиімді шарт – ол әрине 0% комиссия. Түрлі банктер ұсынатын карта түрлерінен айына комиссиясыз қанша соманы «шешіп» алуға болатынын біліңіз.
  • Мультивалюта. Әр түрлі валютадағы шоттарды бір картаға байланыстыру мүмкіндігі (KZT, USD, EUR) төлем кезінде айырбастау шығындарын болдырмауға мүмкіндік береді.

Қолма-қол ақша алып жүруді қалайтын саяхатшылар үшін бүкіл әлем бойынша банкоматтардан артық төлемсіз ақша шығарып алуға мүмкіндік беретін бірнеше карта түрі бар.

Home Credit Bank – шектеулер бойынша сөзсіз көшбасшы. Бұл карта ұзақ сапарлар немесе үлкен көлемде жұмыс істейтін саяхатшылар үшін ең жақсы таңдау болып табылады.

Банк ЦентрКредит – #bccpay: әлемнің кез келген банкоматында комиссиясыз айына 1 500 000 теңгеге дейін алуға мүмкіндік беретін тамаша нұсқа. Бұл көптеген туристік және іскерлік сапарлар үшін жеткілікті.

ForteBank – қысқа демалыстар үшін сенімді таңдау. Карта айына 500 000 теңгеге дейін (немесе валютадағы баламаны) тегін алуға мүмкіндік береді.

Егер сіз қолма-қол ақшаны жиі алуды жоспарламасаңыз, бірақ банкіңізден сенімді карта алғыңыз келсе, стандартты комиссиямен опцияларды қарастыруға болады.

Еуразиялық банк (Visa Gold) және Freedom Bank (SuperCard): екі карта да алу сомасынан 1,5% комиссия алады. Бұл нарықтағы орташа көрсеткіш. Егер сіз осы банктердің клиенті болсаңыз және олардың басқа артықшылықтарын, мысалы, ақшаны қайтару бағдарламасын бағаласаңыз, бұл карталар ыңғайлы болуы мүмкін.

Halyk Bank (Halyk Bonus): шарттар ұқсас — комиссия 1,5%. Сапарлар үшін бөлек карта ашқысы келмейтін клиенттер үшін қолайлы.

Kaspi.kz (Kaspi Gold): айына 300 000 теңгеге дейін аша шығару үшін комиссия - 0%. 300 000 теңгеден асқан жағдайда, үсіндег артық сома үшін комиссия 0,95% құрайды. Kaspi Gold-тың басты артықшылығы – қосымша арқылы қолма-қол ақшасыз төлем мен басқарудың ыңғайлылығы.

Ең қолайсыз карта: Өкінішке орай, кейбір карталар жоғары төлемдерге байланысты шетелде үнемі қолма-қол ақша алу үшін қолайсыз, бірақ күтпеген жағдайда пайдалы болуы мүмкін. Айталық, Bereke Bank (all IN) картасы. Бұл карта ең жоғары комиссиялық төлемге ие – 2,5%. Оны шетелде қолма-қол ақша алу үшін пайдалануда тек соңғы шара ретінде көрге болады.


САПАР АЛДЫНДАҒЫ БАРЛАУ: нені анықтау керек?

Саяхатқа баратын еліңізде бұл банк қызмет көрсете ме, соны нақтылап сұраңыз. Қауіпсіздік қызметі картаны кездейсоқ бұғаттамау үшін баралы жатқан ел атауын және саяхат күндерін хабарлаңыз.

Ағымдағы шектеулерді нақтылаңыз: өзге елде шарттар өзгеруі мүмкін. Қолданыстағы комиссиялар мен алу лимиттерін тексеру үшін мобильді қосымшаға кіріңіз немесе банкке қоңырау шалыңыз.

Картаның жарамдылық мерзімін тексеріңіз: сапар кезінде картаңыздың мерзімі бітпейтініне көз жеткізіңіз.

Мультивалюталық шоттарды қосыңыз: Егер сіздің картаңыз мүмкіндік берсе (мысалы, Halyk, Jusan немесе Freedom кейбір өнімдері сияқты), валютада тікелей төлеу үшін саяхатқа шықпас бұрын доллар немесе еуро шотын толтырыңыз.


1. Карталардың сақтандыру бағдарламалары

Кейбір банктердің премиум деңгейлі карталары (мысалы, Visa Platinum, Mastercard World) иелеріне шетелге шыққанда саяхаттық сақтандыруды автоматты түрде ұсынады.
Бұл сақтандыру мыналарды қамтуы мүмкін:

  • Жол апаты немесе ауру кезінде медициналық көмек
  • Жол жүгінің жоғалуы немесе рейстің кешіктірілуі
  • Заңдық көмек

Ұсыныс: Егер сіз жылына бірнеше рет шетелге шығатын болсаңыз, осындай сақтандыруы бар картаны таңдау шығынды азайтады.


2. CashBack және бонустық бағдарламалар

Кейбір карталар шетелде жасалған төлемдерге cashback береді немесе авиабонустар жинауға мүмкіндік береді:

  • Freedom SuperCard — халықаралық сатып алулар үшін 2%-ға дейін cashback береді.
  • Halyk Travel картасы — әрбір төлем үшін ұпай береді, оларды авиабилеттерге айырбастауға болады.
  • Jusan карталары — саяхат кезінде жұмсалған қаражаттың бір бөлігін қайтарады.


3. Google Pay / Apple Pay қолдауы
Шетелде төлем жасаудың ең ыңғайлы әдістерінің бірі — контактсыз төлем. Жергілікті банк карталары осы қызметтермен жұмыс істей ме, тексеріңіз. Мысалы, Kaspi, Forte, Jusan, Halyk банктерінің карталары Apple Pay және Google Pay-мен толық үйлеседі.


4. Гео-блоктау және қауіпсіздік
Сапар кезінде күтпеген бұғаттаулардан сақтану үшін:

  • Картаның гео-фильтр параметрлерін мобильді қосымша арқылы баптаңыз.
  • Шетелдік операцияларға SMS-хабарлама немесе push-ескертпе орнатыңыз.
  • Негізгі картадан бөлек, қосалқы картаны да алып жүрген дұрыс — біреуі бұғатталса, екіншісін қолдануға болады.

Дайындаған: Бауыржан ЕРМАН,

ERNUR.KZ


ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗ:

Тайландқа бару арман ба?: Туристің емес, тұрғынның көзімен